Нұра ауданы Байтуған ауылында жаңа мешіт ашылды

Нұра ауданы Байтуған ауылында жаңа мешіт ашылды

Қарағанды облысы Нұра ауданы Байтуған ауылында жаңа мешіт ашылды. Осы қуанышты оқиғамен жергілікті қауымды облыстың бас имамы Естай Айтуғанұлы құттықтады.

Мешіт құрылысына жергілікті тұрғындар атсалысты. Жаңа ғимаратта бір уақытта жүзден астам адам намаз оқи алады.

Ашылу салтанатынан кейін елімізде бейбітшілік пен тыныштықтың болуын тілеп, дұғалар оқылды. Ауыл мешітіне сыйлықтар мен бағалы кітаптар табысталды.

Қарағанды облысы бойынша ҚМДБ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша