
Қарағанды облысында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар шеңберінде бірқатар алдын алу іс-шаралары қабылданды, оның ішінде Наурыз мейрамын тойлау бойынша жаппай серуендер болмайды.
Сондай-ақ, бүгінгі күні облыста жұқтыру жағдайлары анықталмағанын хабарлаймыз, сондықтан сіздерден жалған ақпаратқа ермеуге және фейктерге сенбеуді, ресми ақпаратқа ғана назар аударуларыңызды сұраймыз.
Короновирус бойынша сұрақтар туындаған жағдайда 1406 нөмірі бойынша Call-орталығына хабарласыңыздар.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі