Қарағанды облысының әкімі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Кездесуге қатысушылар мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылы мен әріптестігін талқылады.
- Өңірде 1300-ден астам үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Қазір ҮЕҰ облыстың әлеуметтік-экономикалық қызметінің барлық салаларын, құқық қорғау және экологиялық мәселелерді қамтиды. Біздің ұйымдар мемлекеттік және жеке құрылымдарға кез келген қызмет көрсете алады, - дейді "Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы" Қауымдастығы" ЗТБ президенті Гүлнар Құрбанбаева.
ҮЕҰ өкілдері әкімге өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, өз қызметі туралы айтып берді.
- Менің ойымша, ҮЕҰ жұмысы - бұл ең алдымен миссия. Біз мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеуіміз керек, осындай кездесулерді көп өткізуіміз керек, сол кезде нәтиже болады, - деп атап өтті "Жас Ұлан" БЖҰ" ҚБ басшысы Майра Әбдірахманова.
«Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ филиалының жетекшісі Меруерт Башай этникалық қазақтарға азаматтық пен құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету мәселесіне қатысушылардың назарын аударды.
- Біз қызмет еткен уақыт аралығында 1800 оралмандарға құжат алуға көмектескенбіз. Полиция департаментімен, көші-қон қызметімен тығыз байланыстамыз. Және бізге этникалық қазақтардың мәселелерін бірге шешу үшін аудандық әкімдіктермен өзара байланыс орнатуға көмектесуді сұраймыз, - дейді Меруерт Башай.
- Елде азаматтық қоғамды қалыптастыру және ҮЕҰ дамуы үшін жағдай жасау - мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты. Бүгін біз сіздермен маңызды мәселелерді талқыладық. Біз сіздерді қолдауға және қажетті көмек көрсетуге дайынбыз. Біздің ортақ міндетіміз - азаматтарымыздың өмірін жақсарту, - деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.
Өңір басшысы өзінің орынбасары Абзал Нүкеновке ҮЕҰ-ның әрбір жетекшісімен кездесуге және айтылған мәселелерді шешуге көмектесуге тапсырма берді. Содан кейін тиісті басқарма басшыларымен диалог алаңын ұйымдастыру тапсырылды.