
eGov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша жаңа қызмет қол жетімді болды. Енді төлемге өтініш беру үшін көптеген қағаздар мен анықтамаларды жинаудың қажеті жоқ.
Қызметті онлайн алған кезде өтініш беруші туралы барлық ақпарат мемлекеттік органдардың дерекқорынан автоматты түрде тартылады. Деректерді енгізген кезде дұрыс расталған ақпарат экранда көрсетіледі.
Бұған дейін осындай қызмет тек ХҚКО-ларда және медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшелерінде қағаз жеткізгіште көрсетілген болатын. Бұл көп уақытты қажет етті және төлемдерді рәсімдеу кезінде қолайсыздықтар туғызды.

Портал арқылы "Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау" жаңа қызметін пайдалану үшін eGov.kz пайдаланушыларға келесі әрекеттерді орындау қажет:
- eGov.kz порталында авторлану;
- басты бетте "Азаматтарға" – "Әлеуметтік қамсыздандыру" – "Мүгедек адамдарды қолдау" бөлімін таңдау;
- "Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау" қызметін таңдау;
- қызметке онлайн тапсырыс беру;
- ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қою және алу.
Қызмет көрсету мерзімі – 8 жұмыс күні.
Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) қалыптастырылған электрондық құжатпен және сұрау салудың нәтижесі туралы хабарламамен танысуға болады.
Толық бейне нұсқаулыққа сілтеме: https://youtu.be/HO5da-nHaxQ.
Сондай-ақ, ұқсас қызмет eGov mobile мобильді қосымшасында, "Жеңілдіктер, жәрдемақылар және зейнетақылар" бөлімінде қолжетімді. Мәліметтер eGov mobile-дағы "Хабарламалар" бөліміне жіберіледі.