Жаңа жылға орай Қарағанды мұражайында көрме ашылады

Жаңа жылға орай Қарағанды мұражайында көрме ашылады

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы 27 желтоқсанда сағат 11:00-де "Қысқы қуаныш" көрмесін ашады.

"Көрмеге қатысушылар – "НаТворим", "МЧК Селезнь", "Бьютифул арт", "We love art" шығармашылық студияларының оқушылары. Жас суретшілер қысқы және жаңа жылдық тақырыптағы жұмыстарды, сондай-ақ мерекелік музыкалық және басқа да нөмірлерді ұсынады. Қатысушылар үшін тәтті сыйлықтар дайындалып, ертегі кейіпкерлері мерекелік көңіл-күй сыйлайды", – деп хабарлады мұражайда.

"Қысқы қуаныш" көрмесі 15 қаңтарға дейін жалғасады.