Мұз бетіндегі экстрим: Қарағандыда автослалом бойынша жарыстар өтеді

Мұз бетіндегі экстрим: Қарағандыда автослалом бойынша жарыстар өтеді

JDM BROTHERS Қарағанды клубы 25 желтоқсанда WAR ON ICE мұз айдынында автожарыс ұйымдастырады. Жарыс 20-шы шахтаның су қоймасы ауданында өтеді.

Жарыс 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл жолы 40-тан астам автокөлік жүргізушісі тіркелді. Көліктер жигулиден бастап жол талғамайтын көліктерге дейін әртүрлі брендтерде көрсетілген.

– Тек қарағандылықтар ғана емес, сонымен қатар Ақмола облысынан жылдам жүру әуесқойлары тіркелді. Көрермендер орындарына өту тегін. Келіңіздер, қызықты жарыстар мен күні бойы жақсы көңіл-күй сыйлаймыз, – дейді JDM BROTHERS автоклубының әкімшісі Дамир Шакуров.

Автослалом 11:00-ден 18:00-ге дейін өтеді.