Ақтоғай ауданы тұрғындарының назарына!

Ақтоғай ауданы тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Ақтоғай ауданына барады. Жұмыс сапары кезінде өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.

Халықпен кездесу 2022 жылғы 24 желтоқсан 11.00-де Ақтоғай ауылының мәдениет үйінде өтеді. Жеке қабылдау – 13.00-де.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) 2-10-66 телефоны бойынша немесе электрондық пошта арқылы қалдыруға болады: be.makarim@karaganda-region.gov.kz.