Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының құрамы өзгерді

Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының құрамы өзгерді

Қарағанды облыстық сайлау комиссиясында бес бос жұмыс орны құрылды. Бос орындарға кандидатураларды саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынды. Құрамдағы өзгерістерді облыстық мәслихат депутаттары кезектен тыс, XXII сессияда бекітті.

– Облыстық сайлау комиссиясының құрамы облыстық мәслихаттың шешімімен 2019 жылдың қаңтарында өкілеттік мерзімі бес жылға, яғни 2024 жылға дейін қалыптасты. Алайда, кейбір мүшелер өз қалауы бойынша құрамнан шықты, сондықтан бес бос орын пайда болды. Облыстық мәслихаттың Облыстық сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу жөніндегі уақытша комиссиясы құрылды. Белгіленген мерзімде 1-15 желтоқсан аралығында үш саяси партия мен екі қоғамдық бірлестіктен бес ұсыныс түсті, – деп түсіндірді облыстық мәслихат депутаты, уақытша комиссияның төрағасы Жанна Штергер.

Оның айтуынша, барлық үміткерлер сәйкестік тексерісінен өткен.

Облыстық сайлау комиссиясы құрамына кіргендер:

Сандуғаш Асылбекова, "Ауыл"ХДПП мүшесі;

Айғаным Ақпанова,"Қазақстан азаматтары" ҚБ өкілі;

Қайрат Нұркенов, Amanat партиясының мүшесі;

Евгений Русаков, "Қызмет"мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" ҚБ өкілі;

Саян Есмағанбетов, Қазақстан Халық партиясының мүшесі.