
Қарағандының бас шыршасындағы шамдар осы жұмада, 23 желтоқсанда жағылады.

Тәуелсіздік алаңындағы мерекелік шара сағат 18:30-да басталады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Салтанатты рәсім Аяз Ата, Ақшақар, сондай-ақ Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтеді.

Сағат 19.00-де аспан мерекелік отшашумен түрленеді.

Бұл күні қарағандылықтарды Орталық саябаққа шақырады. Мұнда желілік мұз айдыны жұмыс істей бастайды. Концерттік бағдарлама дайындалды. Басталуы 19:30.