Қарағандылық спортшы жүзуден халықаралық турнирде үш алтын жеңіп алды

Қарағандылық спортшы жүзуден халықаралық турнирде үш алтын жеңіп алды

А. Молдағұлова атындағы олимпиадалық резерв колледжі мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Ксения Игнатова Грецияда өткен жүзуден халықаралық турнирде үш алтын медаль жеңіп алды. Нәтижесінде 17 жастағы спортшы өз құрдастары арасында ұлттық рейтингте бірінші орынға шықты.

"Александрия-2022" байқауына Салоника қаласына жеті елден 600 спортшы жиналды. Саран тұрғыны 50, 100 және 200 метр қашықтықта ең жақсы нәтиже көрсетті.

– Мен өзіме сенімді болдым және жеңіске жеттім. Лайықты қарсыластар, әсіресе Грециядан мықты спортшылар болғанымен, қиындықтар болған жоқ. Жанкүйерлер есте қалды. Олар жарыстарымда өте жылы қолдау көрсетті. Биыл мен қолымнан келгенше жұмыс жасадым. Осы маусымның соңындағы негізгі старттардың бірі Түркиядағы Ислам ынтымақтастығы ойындары болды. Мен жеке жүзуде үш қоланы жеңіп алдым, эстафетада екінші және үшінші орындарды иелендім, – дейді Ксения Игнатова.

Биылғы жылы барлық жарыстарда ойдағыдай өнер көрсеткеннен кейін қарағандылық жүзуші өз құрдастары арасында ұлттық рейтингте бірінші орынды иеленеді және 2023 жылы Азия ойындарына қатысуға бірінші үміткер болып табылады.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша