
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Заң және экономика факультеттерінің студенттері "Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы кезінде 640 мың теңге жинады.
Барлық қаражат "Шаңырақ" көпбалалы отбасыларды қолдау орталығына берілді.
Қайырымдылық жәрмеңкелерін өткізу ЖОО-да бұрыннан бері қалыптасқан жақсы дәстүр. Бұл жолы екі факультеттің ұжымы жиналған қаражатты көп балалы отбасыларға беруді шешті.
Жеті отбасы 45 мың теңгеден алды, ақшаның бір бөлігі көмір сатып алуға жұмсалады.
Тағы 13 мұқтаж адамға 25 мың теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілді.
Университетте "Шаңырақ" көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының қамқоршыларына сертификаттар табыстау рәсімі өтті.
– Қарағанды облысында біздің орталықтың төрт филиалы бар. Тек Қарағандыда төрт мыңнан астам көпбалалы отбасы бар. Бізден тегін психологиялық және заң қызметтерін алуға болады, барлық мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес береміз. Бұл ретте біз демеушілерді үнемі іздеудеміз. Бүгінгі жастардың осындай жанашыр, әрқашан көмекке келуге дайын екендігі керемет. Студенттер бұл тұрғыда өте белсенді, олардың арасында еріктілер көп, – дейді "Шаңырақ" орталығының басшысы Ләззат Қожахметова.