Қарағандыда неміс суретшісі Генрих Фогелердің 150 жылдығы атап өтіледі

Қарағандыда неміс суретшісі Генрих Фогелердің 150 жылдығы атап өтіледі

Он екінші желтоқсан көрнекті неміс антифашистік суретшісі, ақын және қоғам қайраткері Генрих Фогелердің туғанына 150 жыл толды. Мерейтой күніне орай Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы Wiedergeburt неміс қоғамымен бірлесіп шығармашылық кеш ұйымдастырды.

Іс-шара 21 желтоқсанда сағат 15:00-де бейнелеу өнері мұражайында өтеді. Генрих Фогелер картиналарының көрмесі ұсынылады. Оның өлеңдері мен әндері неміс тілінде орындалады. "Думан сазы" балалар ансамблі өнер көрсетеді.

Генрих Фогелер югендстильдің жарқын өкілі ретінде танымал. Ол әйгілі неміс Worpswede Суретшілер колониясының негізін қалаушылардың бірі. Жоғары этикалық мұраттар, адамдар арасындағы көркемдік қарым-қатынас туралы армандаған. Депортацияда оның үлесіне түскен суретшінің өмірінің соңғы, қайғылы кезеңі Қазақстанмен байланысты. Фогелер Қарағанды облысының Корнеевка ауылына қоныс аударып, 1942 жылы қайтыс болды.

Қарағандыда 1999 жылы неміс мәдени орталығы ғимаратының алдына Генрих Фогелерге ескерткіш орнатылды.