
20 желтоқсаннан бастап қаңтардағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды, ол 6 қаңтарға дейін жалғасады. Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында тіркелуге болады. Тестілеудің өзі 10 қаңтардан 10 ақпанға дейін өтеді.
Ұлттық тестілеу орталығында хабарлағандай, тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өткізілетін орынды, күн мен уақытты өздері таңдайды.
ҰБТ-2023-те тестілеу форматы өзгеріссіз қалды. Алайда, "Қазақстан тарихы" (20 сұрақ) және "Оқу сауаттылығы" (15 сұрақ) пәндері бойынша тест тапсырмаларының санына өзгерістер енгізілді. Осылайша, Қазақстан тарихы бойынша 20 сұрақ, оқу сауаттылығы бойынша – 15, математикалық сауаттылық бойынша – 15 және екі бейіндік пән бойынша 35 тапсырма болады. Барлығы 120 сұрақ. Ең көп ұпай саны – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут). Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша уақыт (40 минут) сақталады.
Сонымен қатар, дистракторлар саны азайды (жауап нұсқалары). Бір дұрыс жауап беретін тест тапсырмаларында нұсқалар саны бес-төртке дейін азаяды, бір немесе бірнеше дұрыс жауаптары бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан аспайды) нұсқалар саны сегізден алтыға дейін азаяды.
Қаңтар айында ҰБТ келесі санаттағылар қатыса алады:
- ақылы негізде оқуға түсу үшін жалпы білім беретін мекемелердің 11 (12) сынып оқушылары;
- ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл жинамаған, ҰБТ нәтижелері жойылған және кәсіптік пәндердің үйлесімі ҰБТ нәтижелеріне сәйкес келмейтін жоғары оқу орындарына күндізгі оқу нысанына қабылдау кезінде күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;
- ЖОО-да шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобында білім алушылар және білім беру бағдарламаларының басқа тобына ауысуға ниет білдіргендер;
- ақылы негізде "Педагогикалық ғылымдар" білім беру бағдарламалары тобына ауысқысы келетін ЖОО-да білім алушылар.
Тестілеуге қатысу құны – 4230 теңге.
Облыс бойынша екі тестілеу орталығы жұмыс атқарады, ол Қарағанды және Балқаш қаласында.
Қаңтар айындағы ҰБТ сертификатымен балалар шекті балл жинаған жағдайда, қазахстандық жоғары оқу орындарына ақылы бөлімшеге түсе алады.
Қосымша сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласуға болады: (8-7172) 69-52-80, 69-50-96.
Қарағанды облысы білім басқармасының ақпараты бойынша