Балқашта "Өркен" жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды

Балқашта "Өркен" жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды

Балқашта "Өркен" жастар сыйлығының лауреаттары дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Қазылар алқасы он номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады.

"Жылдың жастар көшбасшысы" номинациясы бойынша "Қазақмыс" Корпорациясы политехникалық колледжінің 19 жастағы студенті Әділ Тағаев лауреат атанды. Ол қалалық еріктілер қозғалысының ұйымдастырушысы, дебатер қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны және жастар қоғамдық қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды.

– Мен волонтерлік қызметпен айналысамын, пікірсайыс турнирлеріне қатысамын. Колледжде бірінші курс студенттеріне әлеуметтенуге көмектесемін, сондықтан олар ашылып, өздерін көрсете алады, – дейді Әділ Тағаев. – Мен пікірсайыс турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазымын, республикалық турнирде Ресей лигасының үздік спикері болып танылдым. Жақында еліміздің үздік 100 студентінің қатарына ендім. Болашақта қазақстандықтардың өмірін жақсарту үшін еліміздің игілігі үшін еңбек еткім келеді. 

"Жас кәсіпкер" номинациясы бойынша Nionilla студиясының иесі Нионилла Сыздықова марапатталды. Жас кәсіпкер сұлулық саласында шамамен сегіз жыл жұмыс істейді. Жақында ол Балқаштың жас тұрғындары мен жүктілік пен бала күтіміне байланысты демалыстағы әйелдерге косметология негіздерін үйрете бастады. Курсты аяқтағаннан кейін кәсіпкер оларға жұмысқа орналасуға көмектеседі.

– Мен өз студиямды екі жыл бұрын ғана аштым. Осы уақыт ішінде менде бірнеше тұрақты клиенттерім қалыптасты. Өйткені, мен медициналық білімі бар сертификатталған косметологпын. Сондай-ақ өз деңгейімді үнемі арттырып, біліктілікті арттыру курстарынан өтемін, – дейді Нионилла Сыздықова. – Мен жақында Балқаш тұрғындарын оқыта бастадым. Болашақта өз студиямда шеберлерді оқыту орталығын ашқым келеді. Бұл студенттерге, аналарға баоа күтіміне байланысты демалыс кезінде жаңа мамандықты игеруге және ешкімге тәуелді болмай, өз ісін бастауға көмектеседі.

"Жыл оқушысы" номинациясы бойынша А.Ермеков атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Надежда Чупина лауреат атанды.

Жыл студенті ретінде Балқаш медициналық колледжінің оқушысы Қымбат Оразалиева танылды.

"Жас дарын" номинациясы Балқаш қалалық мәдени-демалыс орталығының әртісі және "Өнер" мектебінің оқытушысы Жанболат Ұзақбайға берілді.

Жыл патриоты Балқаш қаласы полиция бөлімінің аға лейтенанты Сымбат Тоғайбекова болды.

"Жылдың жас мемлекеттік қызметшісі" номинациясына Балқаш қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Ерслан Зияда ие болды.

Жылдың жас жұмысшысы болып "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС қаптамалаушысы Майдан Ерік танылды.

"Жас маман" номинациясы әл-Фараби атындағы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Кенже Махметке берілді.

Жыл спортшысы А. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Нұрсұлтан Сатиев болды.

Сондай-ақ, бұл күні Балқашта "Тіл жанашыры" байқауының қорытындысы шығарылды. Оның жеңімпаздары өңірдегі мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқан 11 Балқаш азаматы болды.

Естеріңізге сала кетейік, "Өркен" қаласы әкімінің жастар сыйлығы жыл сайын талантты жастарды қолдау мақсатында жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі үшін, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін беріледі.