
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ 2023—2024 оқу жылына арналған NIS 7-сыныптарында оқу үшін "Өркен" білім беру грантын тағайындауға конкурс өткізеді.

Конкурсқа қатысу үшін жалпы білім беретін мектептердің 6-сынып оқушылары 10 қаңтарға дейін қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
- өтініш;
- үміткердің сауалнамасы;
- үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмелері, ЖСН, жеке куәлік (болған жағдайда), ЖСН көрсетілген заңды өкілдің жеке куәлігінің көшірмесі;
- 6-сыныптың бірінші жартыжылдығындағы үміткердің үлгерімі мен мінез-құлық табелінің көшірмесі. Талап етілетін құжаттар басшының қолымен расталуы және тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі тиіс;
- 1 МБ-тан аспайтын графикалық файл түріндегі 3х4 см мөлшеріндегі үміткердің цифрлық фотосуреті немесе құжаттарды тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында үміткердің фотосуретін жасау.
Барлық көрсетілген құжаттар пластикалық тезтікпеге жиналады.
Конкурстық комиссия Қарағанды қаласы, Шахтерлер даңғылы, 62 мекенжайы бойынша жұмыс істейді. Жұмыс режимі дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:00-ге дейін (үзіліс 12:00-ден 13:00-ге дейін), сенбі - 09:00-ден 13:00-ге дейін.
Сондай-ақ конкурстық іріктеуге құжаттарды тапсыру үшін мектепке баратын күн мен уақытты алдын ала брондауға мүмкіндік беретін онлайн-брондау сервисі жұмыс істейді.
Онлайн брондау үшін сізге келесі әрекеттерді орындау қажет:
1. Зияткерлік мектеп веб-сайтын ашыңыз https://krg.nis.edu.kz/.
2. "Қабылдау комиссиясына бару үшін кезекті брондау" таңдаңыз.
3. Ашылған терезеде күнтізбеде құжаттарды тапсыру үшін мектепке баратын күн мен уақытты таңдаңыз.
4. Байланыс мәліметтеріңізді көрсетіңіз.
5. Брондауды растаңыз.
6. Барлық жолдар толтырылып, брондау расталғаннан кейін көрсетілген электрондық мекен-жайға броньды растау келеді.
Конкурстық іріктеуге тіркелген үміткерлер 2023 жылғы 2 және 3 наурызда өтетін кешенді тестілеуге қатысуға рұқсат алады. Тестілеудің бірінші күні жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді: математика, сандық сипаттамалар және жаратылыстану пәндерін оқу қабілеті бағаланады. Екінші күні қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен тест өтеді.
Тестілеу нәтижелері соңғы кешенді тестілеу аяқталған күннен бастап күнтізбелік 40 күннен аспайтын мерзімде белгілі болады және www.nis.edu.kz сайтында жарияланады. Конкурс қорытындысы бойынша түпкілікті шешімді "Өркен" білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия қабылдайды.
Анықтама телефоны: (8-7212) 50-75-55.