
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев 20 желтоқсанда Ақадыр кентіне барады. Жұмыс сапары кезінде өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу сағат 15:00-де Ақадыр мәдени-демалыс орталығында өтеді. Жеке қабылдау – 17:00.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) 21-6-33 телефоны немесе электрондық пошта арқылы қалдыруға болады: shetkense@karaganda-region.gov.kz.