Қарағандылықтарды тәтті заттар ұсынылатын қайырымдылық фестиваліне шақырады

Қарағандылықтарды тәтті заттар ұсынылатын қайырымдылық фестиваліне шақырады

Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында 24 желтоқсанда тәттілер фестивалі өтеді. Қайырымдылық жәрмеңкесі жетінші рет ұйымдастырылып отыр.

Фестивальдің басты және өзгермейтін тақырыбы – тәттілер және олармен байланысты барлық нәрсе. Іс-шарада кондитерлік тәттілер мен қолдан жасалған бұйымдарды сатып алуға болады.

"Фестиваль – шын көңілмен жасалған және шығармашылық іс-шара. Сіз жанды музыка тыңдай аласыз, бишілердің қойылымдарын көре аласыз, конкурстар мен лотереяға қатыса аласыз", – дейді ұйымдастырушылар.

Ақшалай қаражат "Сал ауруы (ДЦП), қос гемиплегия" диагнозы бар 11 жасар Бадыр Ахметовке көмекке жұмсалады. Жиын "ЦАРиК" РО оңалту курсын төлеуге арналады. Курстың құны – 320 мың теңге.

Іс-шара 13:00-ден 17:00-ге дейін жалғасады.

Байланыс телефоны: +7-747-472-01-45 (Евгений).