
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қарқаралы ауданының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу Егіндібұлақ мәдениет үйінде өтті.

Халық көтерген мәселелердің қатарында әлеуметтік нысандарды жөндеу, жолдар мен интернеттің қанағаттанарлықсыз сапасы, тұрғын үй-коммуналдық салаға қатысты сұрақтар болды.
Қарқаралы ауданының әкімі Ерлан Құсайын ауданның үш жылға арналған даму жоспары бекітілгенін баяндады. Онда барлық салалар бойынша сұрақтар ескерілді.
"Ауыл – Ел бесігі" жобасы бойынша Егіндібұлақ ауылында Мәдениет үйі жөнделді, кентішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізілді, 100 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды.

– Жалпы Егіндібұлақты абаттандыруға 2020–2022 жылдары шамамен 2 млрд теңге бөлінді. Біз тоқтамауымыз керек, тұрғындарды әлеуметтік қолдау бойынша кешенді жұмыстар жүргізуді жалғастыруымыз керек. Сіздер "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы тоқтатыла ма деп сұрайсыздар. Президент ауылды дамыту бірінші кезектегі міндет екенін айтты. Сондықтан бағдарлама жалғасады. Оның арқасында өзгеретін жаңа нысандарды жоспарға енгіздік, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Аудан билігі тұрғындардың 91% орталық сумен қамтуды жоспарлап отыр. Биылғы жылдың басты жобасы – Жарлы – Қарқаралы топтық су жүйесінің құрылысы басталды. Ол 2023 жылы жалғасады.

Тәттімбет ауылдық округінің тұрғыны жолдарды жөндеуді бақылаусыз қалдырмауды өтінді.
– Бізден 105 шақырым жерде жол жұмыстары басталатын Мәди ауылы орналасқан. Мен олардың толығымен аяқталғанын қалаймын және жартылай қалып қоймауын сұраймыз. Егіндібұлақтан Ақтас ауылына дейін 60 км жол бар. Грейдермен жүру қиын, тастар ұшады, көліктер бұзылады, – деді ол.
Аудан басшысы жол жөндеу жұмыстары аяқталатынына сендірді.
– Сондай-ақ, Қарағандыдан Қарқаралыға дейінгі 197–207 км жол учаскесінде республикалық маңызы бар 10 км жолды жөндеу аяқталды. Келесі жылы Матақ ауылына дейін қалған 74 км және Бүркітті-Бақты бағытында 16 км орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда. Жалпы 90 км. 2023 жылы Қарқаралы – Ақжол бағыты бойынша 29 км жөндеу жоспарлануда. Айрық пен Егіндібұлақ арасындағы жолды асфальттау жұмыстары басталды, – деді Ерлан Құсайын.

Кездесу соңында Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.