
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қарқаралы ауданына барады. Жұмыс сапары кезінде өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу 2022 жылғы 15 желтоқсанда сағат 11:00-де Егіндібұлақ ауылының мәдениет сарайында өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) 31-3-66 телефоны немесе электрондық пошта арқылы қалдыруға болады: Karkar_org@krg.gov.kz