Нұра ауданы Кертінді ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салынды

Нұра ауданы Кертінді ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салынды

Кертінді ауылында бір ауысымда 25 науқасты емдеуге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Ол мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді.

Жаңа бір қабатты ФАП ғимараты "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы бойынша салынды. Ғимаратта 12 кабинет жабдықталған, онда алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған.

– Кертіндіде бұрын ауылдық аурухана болған. Ол өте ескі. Тозығы жеткен ғимарат заманауи санитарлық талаптарға сай келмеді. ФАП құрылысы көп жылдан бері қордаланып келген мәселені шешті. Енді жергілікті тұрғындар сапалы медициналық қызмет ала алады, – дейді Нұра ауданының орталық ауруханасының директоры Орал Мазитов.

Фельдшерлік-акушерлік пунктте құралдарды зарарсыздандыруға, анализдерді жинауға және пациенттерді вакцинациялауға арналған барлық қажетті жабдықтар бар.