
Қарағанды облысында 16 желтоқсанда ауыл шаруашылығы шағын жәрмеңкелері өтеді. Оларда ауыл шаруашылығы және ет-сүт өнімдері, сондай-ақ жергілікті өндірушілердің тауарлары орташа нарықтық бағадан төмен бағамен сатылатын болады.

Жәрмеңке өтетін орындар:
Оңтүстік-Шығыс – Global City СЛК (134-ші есептік тоқсан, 921-құрылым);
Майқұдық – «Умай» СҮ (Карл Маркс көшесі, 9);
Пришахтинск – «Молодежный» МҮ (Металлистов көшесі, 24/2 құрылыс).

Сондай-ақ Абай әкімдігі қала тұрғындарын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырады. Ол Жеңіс даңғылында (Abay Citi СҮ қарама-қарсы) өтеді.
Жәрмеңкелер таңғы 9-да ашылады.