
Қарағандылықтар Таңат Оспанқұлов пен Бердібек Сьез "Қансонар-2022" аңшы құстармен аң аулау шеберлері арасында өткен халықаралық турнирде жүлделі орындарға ие болды.

Ақмола облысында атақты бүркітші Мәсіп Батырханұлын еске алуға арналған жарыс өтті. Додаға Қазақстан, Түркия, Ресей және Қырғызстанның жеті облысынан 60-қа жуық спортшы қатысты.
Турнир үш кезеңде өтті. Әділқазылар құстар мен бүркітшілердің сыртқы келбетін, құстардың еркін ұшуын, иесіне екі жүз метр қашықтықтан оралу қабілетін бағалады. Үшінші тур "шырға тарту" деп аталды, яғни құстардың аң аулауы бағаланды.
Қарағандылық Таңат Оспанқұлов пен оның Самал есімді құсы ителгімен аң аулау номинациясы бойынша үздік деп танылды.

– Бұрын Самал екеуміз аңшы құстармен аң аулау бойынша әлем чемпионы болдық. Бұл жолы да жетістікке жетіп, бірінші орын алдық. Енді біз ақпан айында Атырауда өтетін Қазақстан чемпионатына дайындалып жатырмыз, – дейді Таңат Оспанқұлов. – Біздің спорт кейінгі уақытта танымал бола бастады. Бірақ құстарды жарыстарға тасымалдауда біраз проблемалар бар. Мысалы, біз алыс қашықтыққа теміржол көлігімен бара жатқанда, бүркіттер мен сұңқарларды торда тасымалдауға болмайтынын дәлелдеумен боламыз. Бұл құстарға әсер етеді, олардың мінезін бұзылады. Бұл жарыс алдында өте қолайсыз.
Таңат Оспанқұлов мектеп жасынан бастап аңшы құстармен аң аулауды жақсы көреді. Қазір оның тәлімбағында екі бүркіт пен үш сұңқар бар. Болашақта ол құстардың санын көбейтуді жоспарлап отыр.
Бердібек турнирде "Бүркітпен аң аулаудың үздік шебері" номинациясы бойынша үшінші орынды иеленді.
Турнир ата-бабалардың ежелгі дәстүрлерін жандандыруға және ұлттық спорт түрлерін насихаттауға бағытталған. Төрешілер алқасының құрамына ұлттық спорт түрлері комитетінің өкілдері мен еліміздің әр өңірінен келген тәжірибелі сарапшылар кірді.