
15 желтоқсанда сағат 18:30-да "Шалқыма" концерт залында Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартеттің "Канададан Қазақстанға" атты концерті өтеді.

Бірлескен бағдарламада Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка), Алексей Лебедев (2-ші скрипка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт) және Ернар Мыңтаевтан (виолончель) құралған танымал қазақстандық ұжым және канадалық композитор және импровизатор-пианист Дэвид Брейд өнер көрсетеді. Концерт қонағы үш рет Канаданың ең жоғары музыкалық сыйлығына (Juno Award) ие болған және өз шығармаларында дәстүрлі музыкалық жанрларды таңқаларлық түрде үйлестіре алатынымен танымал.
Қазақстандық квартеттің шығармашылық қызметін де мемлекет жоғары бағалайды – ұжым "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының, "Ерен еңбегі үшін" үкіметтік наградасының иегері.
Квартеттің көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.