
Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында 17–21 желтоқсан аралығында Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған XXXVIII халықаралық турнир өтеді. Жанкүйерлерді қазақстандық және шетелдік былғары қолғап шеберлерінің қызықты жекпе-жегі күтеді.
Қарағандыға Қазақстан, Куба, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және Грузия боксшылары келеді. Камбоджадан келген спортшылар алғаш рет өнер көрсетеді.

Құрметті қонақтардың – атақты спортшылардың және әлемдік ауқымдағы басқа да танымал қайраткерлердің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеуі көрермендер үшін тосын сый болмақ.
Салтанатты ашылу 17 желтоқсанда сағат 17:00-де өтеді.
Турнир бағдарламасы:
17 желтоқсан
14:00 20:00 – алдын ала жекпе-жектер;
17:00 – ашылу.
18 желтоқсан
13:00–19:00 – алдын ала жекпе-жектер.
19 желтоқсан
13:00–19:00 – ширек финалдық жекпе-жектер.
20 желтоқсан
13:00–19:00 – жартылай финалдық жекпе-жектер.
21 желтоқсан
12:00–15: 00 – соңғы жекпе-жек;
15:00 – жабылу салтанаты.
Кіру тегін.