Саяқ кентінде жөндеуден кейін дәрігерлік амбулатория ашылды

Саяқ кентінде жөндеуден кейін дәрігерлік амбулатория ашылды

Ақтоғай ауданының Саяқ кентінде дәрігерлік амбулаторияда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Медициналық ұйым Ащыөзек кенті мен станциясының екі мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсетеді.

Енді ауыл тұрғындары жарық және жылы ғимаратта алғашқы медициналық көмек пен ем алады. Онда үш дәрігер мен жеті медбике жұмыс істейді.


Пациенттер мен дәрігерлер үшін барлық жағдай жасалған. Физиотерапия және зертханалық зерттеулер жүргізу үшін заманауи жабдықтар сатып алынды.

Баланы дамыту кабинеті ашылды, онда медбикелер жас аналарға сәбилеріне күтім жасау, тамақтандыру және т. б. негіздерін үйретеді.

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі