
Алан Құрманғалиев 19-шы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Қарағандылық Египеттен келген Хана Годамен бірге аралас жұптық разрядта осындай тамаша нәтижеге қол жеткізді.

Әлемдік біріншілік Тунисте өтті. Финалдық матчта Қазақстан-Египет дуэті Тиаго Абиодан мен Мария Берзосадан (Португалия/Испания) мықты болды.
Биылғы жылы қарағандылық теннисші табандылықпен жаттығып, дағдыларын жетілдіре отырып, халықаралық жарыстарда 19 медаль жеңіп алды.
"Бұл нағыз тарихи оөиға!Біздің Алан Құрманғалиев әлем чемпионы атанды. Біздің үлкен үстел теннисі отбасымыз бұл нәтижеге өте қуанышты және оны спортшының қажырлы еңбегі мен өз ісіне деген сүйіспеншілігінің нәтижесі деп бағалайды. Бүгін Ол үстел теннисінен Қазақстанның алғашқы әлем чемпионы атанды. Біздің еліміз осы спорт түрінен жаңа халықаралық деңгейге шықты. Бұл бәріміз үшін өте маңызды және әсерлі сәт. Чемпионымызды тәрбиелеген жаттықтырушы Эльмира Алиеваға алғысымды білдіремін. Аланды және үстел теннисінің барлық жанкүйерлерін шын жүректен құттықтаймын. Біз спортшымызды мақтан тұтамыз!"— деді үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин.