120-дан астам кәсіпорын Қарағанды техникалық университетінің түлектеріне бос жұмыс орындарын ұсынды

120-дан астам кәсіпорын Қарағанды техникалық университетінің түлектеріне бос жұмыс орындарын ұсынды

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде жыл сайынғы Түлектер жәрмеңкесі өтті. Мұндай іс-шара университет қабырғасында 20 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді.

Биылғы жылы іс-шараға бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның 74 білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтайтын 2365 жоғары оқу орнының түлектері қатысты.

Бос жұмыс орындарын 120-дан астам ірі жұмыс берушілер, олардың ішінде жүйе құраушы кәсіпорындар ұсынды. Сондай-ақ, жәрмеңкеге еліміздің басқа өңірлерінен өнеркәсіптік кәсіпорындар мен компаниялардың өкілдері қатысты.

Тікелей кездесу барысында жұмыс берушілер өздері үшін бәсекеге қабілетті түлектерді атап өтті. Өз кезегінде диплом жазып жатқан студенттер өздерін қызықтырған ұйымдарда кәсіби және диплом алдындағы практикадан өту мүмкіндігін талқылады. 140-тан астам кәсіпорынмен келісімшарттар жасалды.

Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есеп айырысу орталығының мәліметінше, бүгінгі таңда жұмысқа орналастырылған 2021 жылғы түлектердің саны 93 % құрады.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің баспасөз қызметі