Қарағанды университетінің студенттері қайырымдылық жәрмеңкесінде миллион теңгеден астам қаражат жинады

Қарағанды университетінің студенттері қайырымдылық жәрмеңкесінде миллион теңгеден астам қаражат жинады

Қарағандыда студенттер қымбат операцияға мұқтаж балаға көмектесті. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде өткен «Жүректен жүрекке – От сердца к сердцу» қайырымдылық жәрмеңкесінде баланы емдеуге миллион теңгеден астам қаражат жиналды.

Кішкентай Әміреге көмектесу үшін шет тілдері факультетінің студенттері бірікті.

Олар тоқу, тігу және сурет салу бойынша шеберлік сабақтарын өткізді, психологтармен тренинг ұйымдастырды.

Сонымен қатар, кітаптар, кеңсе тауарлары, зергерлік бұйымдар мен өнімдер сатты. Барлық түскен қаражат баланың анасына берілді.

Әміре сирек кездесетін аномалиямен дүниеге келген – баланың екі жақты микротиясы бар. Екі айдың ішінде оған есту аппараты сатып алынды. Енді балаға шетелде жасалуы мүмкін қымбат операция қажет.

Қайырымдылық жәрмеңкесінде заң факультетінің студенттері де белсенді болды. Олар балаларың жалғыз тәрбиелеп отырған көп балалы аналарға көмек ретінде қаражат жинады.