
Көбінесе аяқ-қолдың үсуіне тап болған адамдар алғашқы көмек шараларын дұрыс қабылдамайды, бұл олардың денесіне орны толмас зиян келтіреді.

Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматолог-дәрігері Ерік Шонбаев қандай көмек көрсету керек және не істеуге болмайтынын түсіндірді.
Дәрігердің айтуынша, еш жағдайда үсік шалған аяқ-қолды ысқылап, ыстық суға малуға болмайды. Ең алдымен, дененің үсіген бөліктерін мол ыстық сусын ішіп, және жылу оқшаулағыш таңғышпен жылыту керек. Таңғыш қалың мақта қабатынан жасалады, онымен үсік шалған аяқ-қолды қымтап, үстінен таңғышпен орау және жылы қолғап немесе шұлық кигізу қажет.
Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін дереу медициналық ұйымға хабарласу керек. Уақтылы қабылданған алғашқы көмек шаралары аяқ-қолдың ампутациясының алдын алуға көмектеседі.
Статистикаға сәйкес, 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап Қарағанды облысында аяқ-қолдарды үсіп қалған 44 жағдай тіркелген. Оның ішінде 22 пациент стационарлық ем алу үшін ауруханаға жатқызылды, ал алты пациентке дәрігерлер ампутация жасауға мәжбүр болды.
Үсікпен келгендер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42%-ға өсті.
Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі