Шахтинск еріктілері ерекше балаларға мереке сыйлады

Шахтинск еріктілері ерекше балаларға мереке сыйлады

Шахтинск еріктілері мүмкіндігі шектеулі балаларды Қарағанды кинотеатры мен балалар ойын-сауық орталығына апарды. Осылайша олар экономикалық және әлеуметтік даму үшін халықаралық еріктілер күнін атап өту туралы шешім қабылдаған.

45 ерекше бала үшін ойын-сауық сапарын ұйымдастырудан бөлек, конкурстар мен тәтті тағамдар ұсынылды.

Бұл ҚР Қызыл Жарты Ай Қарағанды облыстық филиалының қолдауымен Шахтинск Жастар ресурстық орталығы мен "Қамқор-2007" ҚБ бірлесе ұйымдастырған іс-шарасы.

– Еріктілер қоғамдық өмірдің барлық салаларына зор үлес қосуда. Бізде түрлі қайырымдылық және экологиялық акцияларға қатысатын белсенді жастар көп. Біз жастарды қатарымызға қосылуға шақырамыз, – дейді Шахтинск ЖРО басшысы Жасұлан Хамитов.

Шахтинск қаласында бес волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Еріктілердің жасы 16 жастан асқан, күміс еріктілер де бар. Назым Барлыбай екі жыл бұрын еріктілікпен айналысқан.

– Мен үшін ерікті – қоғамға қызмет етудің үлгісі, кез келген сәтте көмекке келуге дайын адам. Мен С. Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектепте әлеуметтік қызметкермін. Бірақ мен тек оқушыларға және олардың ата-аналарына ғана емес, кәсіби міндетім болғандықтан барлық адамдарға көмектесуге дайынмын. Жақсылық, мейірімділікпен бөлісу – менің өмірлік ұстанымым! Шахтинск ЖРО-мен белсенді жұмыс істеймін. Еріктілік шын жүректен шығуы керек, – деді Назым Барлыбай.

Биылғы жылы ерекше көзге түскендер Еріктілер күнінде Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.