
Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша медициналық сақтандыру қоры балаларға көрсетілген медициналық көмек үшін Қарағанды облысының емханалары мен ауруханаларына 14 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Оның 6,5 млрд теңгесі амбулаториялық деңгейде консультациялық-диагностикалық қызметтерге жұмсалған шығындарды өтеуге аударылды.
Қазақстанда балаларды тексеру және емдеу медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Кішкентай пациенттер 18 жасқа толғанға дейін автоматты түрде сақтандырылған болып саналады. Осы жылдың 9 айында балаларға 14 млрд теңгеден астам медициналық көмек көрсетілді. Бұл сомаға бейінді мамандардың консультациялары, талдаулар және емделу төлемақылары кіреді. 6347 бала оңалту орталықтарында ем өтті, оны өтеуге 1,3 млрд теңгеден астам қаражат жіберілді. Амбулаториялық деңгейде консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету кезінде шығындарды өтеуге шамамен 6,5 млрд теңге аударылды, оның ішінде 1,268 млрд теңге – балаларға тегін стоматологиялық көмек көрсетуге. Сондай-ақ, қаңтардан қыркүйекке дейін өңірде 15 млн теңге балаларға жоғары технологиялық операцияларды төлеуге бағытталды.
– Егер ата-аналар баласын ақылы қызметтерге жіберу деректеріне тап болса, медициналық ұйым жанындағы пациенттерді қолдау қызметіне немесе әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіну қажет, – дейді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының бөлім басшысы Светлана Щеткина.
Науқас өзінің емханасында пациентті қолдау қызметіне хабарласу арқылы қосымша сұрақтар қоя алады. Егер олар жергілікті жерде көмектесе алмаса, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ыңғайлы байланыс арнасы арқылы өтініш жіберуге болады: ресми сайт fms.kz, байланыс орталығы 1406, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.
Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының ақпараты бойынша