
Қарағанды кеншілер мәдениет сарайы 8 желтоқсанда өзінің 70 жылдығын атап өтеді. Бұл күні сағат 18:30-да мәдениет сарайы қонақтарын мерейтойлық концертке шақырады. Кіру тегін.

"Фойеде қонақтар Кеншілер мәдениет сарайының тарихы туралы баяндайтын мұрағаттық фотокөрмемен таныса алады. Сахнада КМС әртістерінің ұжымы, сондай-ақ Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері танымал эстрада әншісі Маржан Арапбаева, "Жұлдыз-2018" Республикалық эстрада музыкасын орындаушылар байқауының Гран-при иегері Әділхан Макин өнер көрсетеді", – деп хабарлады Кеншілер мәдениет сарайында.
Кеш жүргізушілері – Аян Амамбаев пен Анна Данченко.
Анықтама телефоны: 41-27-26.