Қарағанды облысында тағы бір психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес ашылды

Қарағанды облысында тағы бір психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес ашылды

Шахтинск қаласында № 6 облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (ПМПК) ашылды. Ол Шахтинск, Саран, Абай және Нұра аудандарынан туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар 50 мыңнан астам балаға қызмет көрсететін болады.

 

Жаңа ПМПК №3 жалпы білім беретін мектепте, Парковая көшесі, 35а ғимаратта орналасқан. Аталмыш орталықта жылына 800-ге жуық балаға қажетті көмек пен кеңес ала алады. Бұл облыстағы жұмыс істеп тұрған ПМПК-ге балалардың кезегін екі есе азайтуға мүмкіндік береді.

       

 

– Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру мәселесі басты назарда. Облыста балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін арнайы инклюзивті білім беру инфрақұрылымы дамуда. ПМПК желілерін кеңейту бағыттардың бірі болып табылады, – дейді № 6 Қарағанды облыстық ПМПК басшысы Ақмарал Мұқашева.

ПМПК-да кедергісіз орта құрылды, пандустар бар, табалдырықтар жоқ, тактильді жолдар, тұтқалар орнатылған, мамандар штаты жасақталған. 

Кабинеттерде балаларды тексеру және кеңес беру үшін барлық қажетті жабдықтар мен диагностикалық әдістер бар.

Шахтинск тұрғыны Қасиет Башкенова жаңа ПМПК-ға алғашқылардың бірі болып қосылды. Ол өзінің алты жасар қызы Айымды осында әкеледі. Бұрын келіншек баласын Қарағандыға апаруға мәжбүр болатын.

– Бұрын біз Қарағандыға сапар шегуге көп уақыт жұмсайтынбыз, автобустан автобусқа отырудың өзі де біраз уақытты алатын. Одан қалса кезегімізді ұзақ күтуге тура келетін. Ал мұнда барлығы жақын, білікті көмек ала аламыз, – дейді Қасиет Башкенова. – Біз ПМПК мамандарына бара бастағаннан бері қызым ашылды, оның есте сақтау қабілеті жақсарды. Біз аптасына екі рет логопед, дефектолог және психологпен бір сағат айналысамыз. Нәтижелер қуантады.

Баланы ПМПК-ға тексеруге жазу үшін ілеспе құжаттарды қоса бере отырып, электрондық немесе қағаз түрінде өтініш беру қажет. Сонымен қатар туу туралы куәліктің, мүгедектік туралы қорытындының (бар болса), дәрігерлік-консультациялық комиссияның денсаулық жағдайы бойынша үйде оқыту қажеттілігі туралы (үйде оқитын балалар үшін) сканерленген көшірмелерін ұсыну кереу.

Баланы консультацияға тіркеу үшін № 6 ПМПК кеңсесіне хабарласуға немесе жеке кабинетте тіркелу арқылы жазылуға болады https://malahit24.kz.

Бұл ретте баланы Облыстың ПМПК-нің біріне кезекке қойған Шахтинск, Саран, Абай және Нұра аудандарының тұрғындары № 6 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға қайта тіркеле алады.

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: (8-72156) 2-31-81, (8-72156) 2-21-12.