
1 желтоқсаннан бастап Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай, Шахтинск жасыл аймақтарында, сондай-ақ Осакаров, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Ақтоғай аудандарында қылқан жапырақты ағаштарды күзету күшейтілді. Ол үшін 26 мобильді топ және 14 бекет ұйымдастырылды.
Орманды қорғау және күту жөніндегі инженерлердің, орманшылардың, инспекторлардың барлық күштері облыс аумағында тәулік бойы бақылау мен патрульдеуге бағытталған. Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мен өңірдің полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің рейдтері өтуде.
Заңда табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін қатаң жауапкершілік қарастырылған. Жас және қылқан жапырақты көшеттердің бір данасын жойғаны немесе бүлдіргені үшін залалды өтеу мөлшері 15 АЕК (45 945 теңге) құрайды.
Бұдан басқа, орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды 100 АЕК-ке дейін залал келтіре отырып, заңсыз кесу, жою немесе зақымдау 100 АЕК (306 300) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл осындай әрекет үшін жеке тұлғаға 150 АЕК (459 450 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.
Ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, жойғаны немесе бүлдіргені үшін 100 АЕК-тен асатын елеулі залал келтірілген жағдайда жеке тұлғалар 180 АЕК-ке дейін (551 340 теңге) айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 180 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не мүлкі тәркіленіп, 45 тәулікке дейін тыйым салуға жазаланады.
Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Азаматтарға табиғат қорғау заңнамасын бұзбауға кеңес береді және заңсыз кесу туралы келесі телефондар арқылы хабарлауды сұрайды:
- "Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылық" КММ" – (8-7212) 44-29-71, 43-79-38, 8-701-514-40-86;
- "Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Кувское шаруашылық" КММ – (8-72147) 9-14-98, 8-775-659-54-43;
- "Ақтоғай орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылық" КММ – (8-71037) 2-12-10, 8-705-759-35-90.
Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы