
"Шалқыма" концерт залында 10 желтоқсан күні сағат 17:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді.

Бағдарламада: Марат Сүтішев "Сақ фрескалары" – оркестрге арналған сюита; Сергей Прокофьев "Симфония" – оркестрмен виолончельге арналған концерт, шығ.125; Дмитрий Шостакович “Симфония № 5 ре минор" – шығ. 47.
Солист – халықаралық байқаулардың лауреаты Никита Корзухин.
Дирижер – бас дирижер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Петр Грибанов.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.