
Каратэ-киокушинкайдан Қазақстан құрамасы Барселонадан 12 медаль алып келді. Қарағандылық спортшылардың есебінде екі алтын, күміс және қола бар.

Oyama Cup чемпиондарының бірі Қарағанды каратэ мектебінің негізін қалаушы Тимур Райымбеков болды. Ол соңғы жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
– Ұлттық құрамада барлығы 16 адам болды. Біз негізгі құрам да, жаңадан келгендер санаты бойынша да өкілдер апардық. Қарағанды облысынан алты спортшы қатысты. Барлығының дайындығы жақсы болды, - деп атап өтті Тимур Райымбеков. – Біз 12 медаль жеңіп алдық – бұл керемет нәтиже. Қарағандылықтар – төрт медаль ұтты. Мен өзім қатысып, ауыр салмақта өнер көрсеттім.

Ұлттық құраманың тағы бір алтынын қарағандылық Богдан Жамаладдинов алып келді. Ол ауыр салмақтағы 18–21 жастағы кадеттер санатында өнер көрсетті.

Чемпионатта күміс жүлдені Жанетта Сұлтанова жеңіп алды. Анель Каманбекова қола жүлдеге ие болды.

– Бұл халықаралық турнирлер 2023 жылдың 6 сәуірінде Токиода өтетін әлем чемпионатына дайындық аясында аралық турнир ретінде қажет. Онда біз 50-ге жуық спортшы және 20 жанкүйермен баруды жоспарлап отырмыз, – деді Тимур Райымбеков.

Қарағанды облысында үш жастан асқан бес мыңға жуық адам каратэ-киокушинкай мен айналысады. Тимур Райымбековтың бастамасымен және "Әр аулаға карате" бағдарламасы бойынша өңірде төрт жабдықталған зал ашылды. Сондай-ақ, жаттығулар мектептердің спорт залдарында және басқа да бейімделген нысандарда өткізіледі. Барлық ниет білдірушілер бұл спорт түрімен ақылы негізде де, "АртСпорт" бағдарламасы бойынша да тегін айналыса алады.

