Қарағандыдағы көрмеде "Алаш" партиясы көшбасшыларының өмірі және еңбектерімен танысуға болады

Қарағандыдағы көрмеде "Алаш" партиясы көшбасшыларының өмірі және еңбектерімен танысуға болады

Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Алаш қозғалысы және Қазақ ұлттық идеясы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме 9 желтоқсанға дейін жұмыс істейді.

Онда "Алаш" партиясы көшбасшыларының еңбектері, кітаптар, мерзімді басылымдардан алынған мақалалар, халықаралық конференциялардың материалдары ұсынылған. Сонымен қатар, оқырмандар сөрелерде ерекше мәдени құндылығы бар сирек кітаптар мен туындыларды тамашалай алады.

"Көрме 14 қарашадан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде оған ондаған адам келді. Оның ішінде мектеп оқушылары да бар, – дейді кітапханада. – Кеше, мысалы, бізде Нұркен Әбдіров атындағы мектептің оқушылары болды. Оларды "Алаш" партиясының пайда болу тарихымен таныстырдық. Оның негізін қалаушылар – Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов және басқалардың қызметі жария етілді.

Сондай-ақ оқушылар үшін Қазақстан тарихы бойынша танымдық викторина дайындалды. Балалар тарих туралы білімдері жақсы екенін көрсетті.

– Біз көрмеге бүкіл сыныппен бардық. Бізге ұнады, өйткені жалпы танысудан басқа біз үшін викторина өткізілді, яғни біз өз білімімізді тексере алдық. "Алаш" партиясының көшбасшылары туралы біз тарих сабақтарынан білеміз, бірақ олардың еңбектерін, мақалаларын көру біз үшін өте қызықты болды, – деді Нүркен Әбдіров атындағы мектептің 8-сынып оқушысы Бекарыс Бектұрсын.

Көрме "Алаш" ұлттық-демократиялық партиясының 105 жылдығына арналған айлық аясында ұйымдастырылды.