
Теміртау театрының балалар мен жасөспірімдерге арналған "Төрт аяққа тұрған Stand Up" жаңа қойылымының басты кейіпкері – үй мысығы. Қойылым премьерасы 10, 11 және 18 желтоқсанда үлкен залда өтеді.
Спектакль "Кішкентай Ремарка" заманауи драматургия байқауының қысқа тізіміне енген Екатерина Точанскаяның "Кот ПРО" пьесасы негізінде қойылды.
Қоюшы-режиссер – Владимир Дроздецкий, қоюшы-суретші – Татьяна Ушакова.
"Жаңа қойылым – бұл мысықтың бастан кешкен керемет теңіз оқиғалары жайлы. Ол осы хикаяларын сізге өзі айтып береді. Шұбар кейіпкерімізбен бірге біз тосынсыйлар мен тәуекелдерге толы қызықты саяхат жасаймыз. Соңында бәрі жақсы болатынына уәде береміз", - дейді спектакльді жасаушылар.
Басталуы сағат 12:00-де.