Жеңіс Қасымбек Бұқар Жырау ауданындағы су тасқынына дайындықты тексерді

Жеңіс Қасымбек Бұқар Жырау ауданындағы су тасқынына дайындықты тексерді

Көктемгі жылы күндердің басталуына екі апта қалды. Қарағанды облысы су тасқыны кезеңіне мұқият дайындалуда. Жеңіс Қасымбек Бұқар Жырау ауданында жұмыс сапарымен болып қайтты. Су басу қаупі жоғары Қызылжар, Ақтөбе және Ынтымақ ауылдарының дайындығын тексерді. Өңір басшысы осы елді мекендерге жақын орналасқан бөгет құрылыстарын аралап көрді.

Қызылжар ауданында ұзындығы 1,7 шақырым, биіктігі 2,2 м қоршау білігі салынды.

Ақтөбе ауылында ұзындығы 5,5 шақырым болатын бөгет үлкен судан қорғайды.

Өңір басшысы сондай-ақ Ынтымақ су қоймасының су торабында болды. Мұнда секундына 15 текше метр жылдамдықпен су төгіледі.

- Ауа райы әзірше қолайлы, су басудың алдын алу үшін қауіпсіз уақытты пайдалану қажет, - деді Жеңіс Қасымбек.

Бұқар Жырау ауданында барлығы 540 құтқарушы мен полицей кезекшілік етеді, 211 бірлік техника дайындалды, оның ішінде 84 - жүзу құралдары мен су сорғыш құралдар.