Қарағандыда 35 жаңа автобус жолға шықты

Қарағандыда 35 жаңа автобус жолға шықты

Қарағандыда қалалық бағыттарға 35 жаңа автобус іске қосылды. Бұл жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға және көлік арасындағы аралықты азайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа автобустармен № 3 автопаркті толықты. Бүгінде олар № 40, 43, 53, 118э қалалық маршруттарына жіберілген.

"Бұл Yutong маркалы едені төмен автобустар. Олар халықтың жүріп-тұру мүмкіндігі әлсіз топтарына арналған пандустармен жабдықталған. Мүгедектігі бар адамдар үшін салонда бөлек орындар да бар. Бір автобустың жалпы сыйымдылығы – 76 адам, оның 33-і отыратын орын. Кузовының ұзындығы – 11,7 метр. Көлік дизельді қозғалтқыштармен жұмыс істейді", – деп хабарлады Қарағанды әкімдігі.

Жаңа техниканың арқасында 43-маршруттағы автобустардың саны 24-тен 30 бірлікке дейін өсті. Сондай-ақ, қалада 40-шы автобустар саны арты. Бес жаңа 118 және екі 53 іске қосылды.

Осы жылдың желтоқсан айында № 3 автопарк тағы 15 жаңа автобуспен толықтырылады. Ал келесі жылдың қаңтар айында Таксокомбинат 32 көлік алмақшы. Бұл № 28 және 31 маршруттардың жұмысын үдетуге мүмкіндік береді.