
Брюссельде, Бельгия астанасында әйгілі суретші "Атом" халықаралық жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіковтың картиналарының көрмесі өтті. Ол Қазақстан елшілігі ұйымдастырған антиядролық тақырыптағы конференция аясында өтті.

Көрмеге Кәріпбек Күйіков антиядролық тақырыптағы 15 туындысын және туған елінің табиғаты, сондай-ақ фаунасы бейнеленген картиналарын алып келді.

Көрме Еуропалық институттардың ғимараттарына жақын орналасқан Брюссель баспасөз клубында ұйымдастырылды.

– Ядролық қаруға ие болуға қызығушылық жоғары болуы мүмкін. Ол адамзатты өлтіруге арналған. Бұл өлім, қайғы. Менің ойымша, ядролық қатерге қарсы күресу – әрбір адамның міндеті, – дейді Кәріпбек Күйіков. – Мен қай жерде болсам да, Қазақстан алғашқылардың бірі болып ядролық қарудан бас тартты деп айтамын. Бұл басқа елдер үшін үлгі болуы керек.

Көрмеге келушілер қазақстандық суретші Кәріпбек Күйіков – бейбітшілік үшін нағыз күрескер деген пікірге келді.

Ол өз жұмысымен адамдарға ядролық сынақтардың қайғылы салдарын жеткізуге тырысады.