
Қарағанды жолдары мен көшелерінде қар мен мұзды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін, 25 қарашада жұмысқа 214 бірлік мамандандырылған техника мен 250-ге жуық адам жұмылдырылды.

Қарағандыда қар тазалау және жолдарды себу жұмыстары таңертеңнен басталды. Коммуналдық қызмет мамандары жолдарды аршып, құм-тұз қоспасын сеуіп, қар шығарумен тынымсыз айналысуды.

"Сондай-ақ, жұмысшылар арнайы техникадан кейін қалыптасқан үйінділерді жинап, мұзды кесіп, алып тастап жатыр. Тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолдарын және өткелдерді тазалауда.

Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін бұзбауды сұраймыз, ал тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырамыз", – дейді қарағандылықтарға қала әкімдігі мамандары.

Жұмыстар күшейтілген қарқында екі ауысымда жүргізілуде, деп толықтырды әкімдікте. Бірінші кезекте жұмысшылар магистральдық автожолдар мен қоғамдық көлік жүретін маршруттарды тазалауда.

Жолдардағы кептелістердің алдын алу үшін жұмысшыларды ауыстыру кешкі кептеліс-сағатынан бұрын ұйымдастырылған. Дәл осы уақытта қоғамдық және жеке көлікке кедергі келтірмеу үшін жұмыстар тоқтатылады.

Жолдарды тазалау мәселелері бойынша келесі телефондарға хабарласуға болады:
- Қазыбек би ауданының әкімі Эльдар Дүйсетаев – +7-701-990-91-34;
- Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары Мақсұт Қожанов – +7-702-592-34-07;
- Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі Саят Шаймин – +7-701-543-61-11;
- Әлихан Бөкейхан аудан әкімінің орынбасары Сәтпек Әбдәқалықов – +7-701-325- 66-66.
