
Республикалық маңызы бар автожолдардың ұлттық операторы Sapar мобильді қосымшасын әзірледі. Навигациясы бар маршрутты екі режимде – онлайн және офлайн режимде салуға болады, деп хабарлайды "Қазавтожол" баспасөз қызметі.
Қосымшада автожолдардың ағымдағы жай-күйі (жолдарды ашу/жабу, айналма жолдар, жөндеу жұмыстары және т.б. бойынша ақпарат), метеожағдайлар, жолдардың ақылы учаскелері бойынша жол жүру балансын толықтыру туралы бөлімдер бар.
Сондай-ақ, республикалық трассалар бойында орналасқан жол бойындағы сервис объектілері туралы барлық өзекті ақпарат жиналды. Пайдаланушылар өз қызметтерінің сапасын бағалай алады.
Sapar-да "Қазавтожол" call-орталығының 1403 (сонымен қатар онлайн-чат) қысқа нөмірі және 112 қызметі бойынша жылдам теру функциялары қарастырылған.
Бүгінгі таңда қосымша PlayMarket-те қол жетімді, ол жақын арада AppStore-да пайда болады.