Приозерск қаласында ДСК құрылысы басталды

Приозерск қаласында ДСК құрылысы басталды

Приозерск қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Онда бір уақытта 320 адам жаттыға алады.

Екі қабатты ғимаратта футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі және ауыр атлетика секцияларын ашу жоспарлануда.

– Жаңа кешенде балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған барлық секциялар тегін болады, – дейді Приозерск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұртай Стамқұл. – Біздің қаламызда мұндай кешенге үлкен қажеттілік бар. Қалада 4350 адам белсенді спортпен шұғылданады.

Жаңа кешенде мүмкіндігі шектеулі топтардың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалатын болады. 18 адам жұмысқа орналасады. Бұл жаттықтырушылар, медицина қызметкерлері және техникалық қызметкерлер.