
1 желтоқсан күні сағат 18:30-да "Шалқыма" концерт залында қарағандылықтар мен қала қонақтарын Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің "Күй-қазына" концертінде күтеді.
Солист – республикалық байқаулардың лауреаты Қайрат Омаров.
Кеш қонақтары – ҚР еңбек сіңірген қайраткері күйші және дирижер Арман Жүдебаев, ҚР Мәдениет саласының үздіктері Рахат Сәрсенов пен Абай Қойшыбаев.
Сондай-ақ, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Полатхан Тәшімов, Дәуренбек Аркенов, республикалық байқаулардың лауреаттары Балқан Смағұлов пен Думан Жақан өнер көрсетеді.
Дирижерлер – "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы оркестрдің бас дирижері Ерлан Бақтыгерей және халықаралық конкурстардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.