Қазақстандық «Ақын» фильмі Португалияда бас жүлдеге ие болды

Қазақстандық «Ақын» фильмі Португалияда бас жүлдеге ие болды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша құрылған Дарежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмі Португалиядағы Lisbon & Sintra Film Festival 2022 (LEFFEST) кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.

Картинада технологияның даму дәуірінде түсініксіз және маңызды емес болып қалудан қорқатын ақын туралы айтылады. Сценарий неміс жазушысы Герман Гессенің «Авторлық кеш» әңгімесіне негізделген.

Картинаның түсірілімі Алматыда, Алматы облысында және Атырауда өтті.

Басты кейіпкерді белгілі әнші және музыкант Ердос Қанаев сомдады.

Фильмнің әлемдік премьерасы 2021 жылы Жапониядағы 34-ші Токио халықаралық кинофестивалінде өтті, онда фильм «Үздік режиссура» үшін марапатталған болатын. Осы жылдың басында фильм Германиядағы 72-ші Берлин халықаралық кинофестивалінде байқаудан тыс көрсетілді.

Сондай-ақ, «Ақын» Бразилиядағы Olhar de Cinema халықаралық кинофестивалінде «Үздік фильм» сыйлығын жеңіп алды.

Қазақстанда картина осы жылдың сәуір айында шектеулі прокатқа шығарылды.

14 желтоқсаннан бастап «Ақын» Франция кинотеатрларында прокатқа шығады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі