Топ-100 құрамына Қарағанды облысы колледждерінің төрт студенті кірді

Топ-100 құрамына Қарағанды облысы колледждерінің төрт студенті кірді

Үздік атану үшін Қазақстан колледждерінің 199 студенті бақ таластырды. Онлайн дауыс беруден соң үздік 100-ке кіргенддердің есімдері анықталды. Олардың ішінде Қарағанды облысынан төрт қатысушы бар.

Үздік деп танылғардар:

Әділ Тағаев – "Қазақмыс" Корпорациясы политехникалық колледжінің 4 курс студенті;

Элина Шин – Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінің 4 курс студенті;

Дарина Апачева – Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің 3 курс студенті;

Айым Қомшабаева – А. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінің 4 курс студенті.

Олардың әрқайсысы тек оқуда ғана емес, сонымен бірге қоғамдық өмірде де жетістіктерге жеткен жастар.

Әділ Тағаев электромеханик мамандығы бойынша оқиды. Студенттің айтуынша, ол 9-сыныпта болашақ мамандығы туралы шешім қабылдап, колледжге түсуге бел буған. Оның мамандығы сұранысқа ие болады деп санайды, өйткені қазір жоғары технологиялар мен автоматтандыру заманы. Әділ студенттік кеңесте, пікірсайыс клубының президенті, ерікті.

Элина Шин техник-дизайнер мамандығын таңдады. Осы салада биік шыңдарды бағындырмақшы – қосымша түрде ШАГ академиясының курсын бітірген. "Террикон алқабының” бизнес-инкубаторында “Дизайнердің көздері" жобасын қорғады (интерьерге жиһаз таңдау бойынша маркет-плейс) және екінші орын алды. "Террикон алқабы" ұйымдастырған хакатонда ол жалпы білім беретін мектептерге арналған сайтты ұсынды. Элина футболға құмар және колледж командасында ойнайды.

Дарина Апачева – болашақ бағдарламашы. Қазірдің өзінде IT саласында жұмыс істейді, әртүрлі бағыттарды игеруде: веб-әзірлеу, графикалық дизайн, SMM-маркетинг, мобилография. Студент TikTok-та аккаунт ашып, онда ол презентацияларды қалай дұрыс жасау керектігі туралы кеңестер береді.

 

Айым Қомшабаева "шет тілі мұғалімі" мамандығы бойынша оқиды. Birgemiz: Bilim облыстық жобасының серіктісі болып, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға ағылшын тілін үйренуге көмектесті. Биыл Birgemiz: Ayala жалпыұлттық жобасының еріктісі болды, қаңғыбас жануарларға көмек көрсету жобасын жүзеге асыру үшін шағын грант жеңіп алды. Айым –Қазақстандағы алғашқы Ozgeris бизнес-инкубаторының түлегі, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінде оқыған. 2021 жылы студент Балқаш қаласы әкімінің "Жас полиглот" номинациясы бойынша “Тіл жанашыры" сыйлығына ие болды.

Колледждердің үздік студенттерін ресми марапаттау рәсімі желтоқсан айының басында Астанада өтеді. Топ-100 атағының иегерлері сертификаттар мен жүлделер ғана емес, жұмыс берушілерден шақырулар да алады. Бұл өз кезегінде жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Студенттер үшін жеке және кәсіби өсу бойынша шеберлік сабақтар, тренингтер мен курстар ұйымдастырылады.