Қарағандыда кәсіпкерлерге заң мәселелері бойынша тегін кеңес беріледі

Қарағандыда кәсіпкерлерге заң мәселелері бойынша тегін кеңес беріледі

Қарағанды облысының кәсіпкерлері заң көмегін ала алады. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мамандары тегін кеңес береді.

Ол үшін кәсіпкерлерді қолдау орталығына жүгіну қажет (Ермеков көшесі, 29, "Атамекен" БО, 1-қабат). Мұнда шарттардың жобаларын әзірлеу; құжат айналымын жүргізу; азаматтық, еңбек және кәсіпкерлік құқық; кәсіпкерлік субъектісін тіркеу, қайта тіркеу, тарату және т. б. сияқты мәселелер бойынша кеңес беріледі.

Қызметті алу үшін шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің тіркелгенін растау қажет.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша