Қарағандылық Алан Құрманғалиев Ливандағы үстел теннисі турнирінде екі медаль жеңіп алды

Қарағандылық Алан Құрманғалиев Ливандағы үстел теннисі турнирінде екі медаль жеңіп алды

Джеззинде (Ливан) WTT Youth Contender Jezzine үстел теннисінің өкілдік турнирі аяқталғалы жатыр. 15 жастағы қарағандылық Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы – Эльмира Әлиева) екі жас санатында өнер көрсетіп, екі медаль жеңіп алды.

Алан 17 жасар теннисшілер арасында чемпион атанды. Бірінші орынға жету жолында ол Абад әл-Абдулла (Катар), Карим Шатун (Иордания), Стивен Морено (Пуэрто-Рико), Беньямин Фараджи (Иран), Реми Шамбе-Вейль (Голландия), Амирмахди Кешаварзиден (Иран) басым түсті.

19 жас санатында қарағандылық қола медаль жеңіп алды.

olympic.kz