
Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс берудің алдын ала қорытындылары жарияланды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың сайлау комиссиялары хаттамаларының электрондық көшірмелері негізінде дауыс беруге 8 300 046 адам қатысқаны белгілі болды. Сайлаушылардың келуі – 69,44 %.
Алдын ала қорытындылар бойынша үміткерлер:
Қарақат Әбден – 206 206 дауыс немесе 2,6%;
Нұрлан Әуесбаев – 176 116 дауыс немесе 2,22 %;
Жигули Дайрабаев – 271 641 дауыс немесе 3,42 %;
Мейрам Қажыкен – 200 907 дауыс немесе 2,53 %;
Қасым-Жомарт Тоқаев – 6 456 392 дауыс немесе 81,31 %;
Салтанат Тұрсынбекова – 168 731 дауыс немесе 2,12 %.
Барлығына қарсы – 460 484 дауыс немесе 5,8 %.

Дауыс беру күні сайлау рәсімдерін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың 11 мыңнан астам сенім білдірілген адамы, шет мемлекеттерден, халықаралық ұйымдардан 641 байқаушы, саяси партиялардан 15,5 мың байқаушы, қоғамдық бірлестіктерден 30 мыңнан астам байқаушы байқады.

Сондай-ақ, сайлау учаскелеріне қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының 1225 өкілі, 23 елден 41 шетелдік БАҚ өкілдерін ұсынатын 106 аккредиттелген журналистер қатысып, сайлау барысын жариялады.
ҚР ОСК ақпараты бойынша